Қазақстан және Моңғолия: білім беру саласындағы халықаралық байланыстар
Қазақстан мен Моңғолия арасында қол жеткізілген білім беру саласындағы келісімдер моңғол студенттеріне қазақ және орыс тілдерін үйрену, білім алу үшін Қазақстанға оқуға келуге мүмкіндік береді.
Қазақстан және Моңғолия: білім беру
саласындағы халықаралық байланыстар
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің салтанат құруы. Білім, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамның болашағы болып табылады.
Қазақстан мен Моңғолия ғылым, білім және мәдениет салаларына тұрақты қызығушылық танытуда. Сапалы білім беру, ғылыми жаңалықтар, мәдениетті дамыту-адамдар өмірінің негізі, қазіргі қоғамды одан әрі жақсарту мен жетілдірудің негізі. Алғаш рет екі мемлекет арасындағы ресми қатынастар 1992 жылы 22 қаңтарда орнатылды. Осы жылдар ішінде экономика және сауда салаларында келісімдерге қол...