Тарих — жарқын болашақ кепілі
тарих факультетінде оқу артықшылықтары
Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан соң, білімімді одан әрі шыңдай түсу мақсатында, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу, яғни магистратура білім беру бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыруға шешім қабылдадым. Магистратураға түсушілерге арналған кешенді тестілеу тапсырып, жоғары бал жинадым. Грант нәтижесі шыққан соң, еліміздегі ЖОО танысып қарап шықтым. Соңғы таңдауым әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ болды. Себебі ЖОО-ның елімздегі, әлемдегі университеттер арасындағы рейтінгісі, білім алушыларға жасалған мүмкіншіліктері өте көп болды. Тарих мамандығы бойынша білімімді шыңдайтын болған соң, университеттің тарих факультетін таңдадым. Тарих факультеті 70 жылдан көп уақыттан бері, тарих саласындағы мамандарды білім нәрімен сусындатып келеді. Қазіргі таңда үш кафедра: Қазақстан тарихы, археология, этнология және музеология,...