Экология — ел тағдыры
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында экология мәселелеріне арналған ашық кураторлық сағат ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі экология мәселесі. Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер қоршаған ортаны қорғау мәселелері ретінде жиі кездеседі. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-әрекеттері ғаламшардағы тіршілік үшін қауіп тудыратын өзгерістерді тудыратын деңгейге жақындады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында экология мәселелеріне арналған ашық кураторлық сағат ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Корея, Франция, Жапония, Вьетнам, Канада және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер белсенді қатысты.
Бұл шараның басты мақсаты — шетелдік студенттердің Жер планетасының экологиялық...