Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бақылауда болуы керек - Тамара Дүйсенова
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте білім беру нысандарының айналасындағы жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кеңеске ішкі істер, оқу-ағарту, мәдениет және ақпарат вице-министрлері қатысты, деп хабарлайды Kazinform.