Кенесарының жеңілу себебі
...Қырғыз бен қазақтың арасында келіссөз жүргізіп, бітім жасап қайтуға Бөгенбай қарт қырғызға барады.
«Қырғыз-қазақ бекер жауласпайық!» — дейді Бөгенбай. Ол келген соң, бата қылу үшін қырғыздар айшық мүйіз көк қошқарды алып келеді. Бөгенбайдың айтқан батасы: «осы келісімді кімде-кім бұзса, осы көк қошқардай бауыздалсын», — депті.
Қайтып келіп Кенесарыға айтқанда, Бөкеге айтқаны:
— Бөке, қартайған екенсің, менің күткен келісімім бұл емес еді ғой. Бөкең:
— Ә, солай ма? Ә, қартайсам, қартайған шығармын. Төреге ерген ер-тоқымын арқалайды дегендейін, енді қалған арғын-қыпшақты осылай еткің келді ме? — деп, етегін үш қағыпты. Ал, енді маған еретін арғын-қыпшақ, маған еріңдер, төреге ергендерің осы жерде қалыңдар!...