Астың бетін ашық қалдырма
Ертеде бір кейуана болыпты. Ол аяғы ауыр әйелдердің босануына жәрдемдеседі екен. Әйелдер «қолы жеңіл» деп, оның алдына жиі келіпті.
Бір күні түн ортасында есігін біреу қағады. Кейуана есікті ашса, ешкім жоқ. Кемпір «қағыс естіген шығармын» деп, қайта жатады. Осы жағдай екі рет қайталанады. Үшінші рет есікті ашқанда ақбоз атты кісіні көреді. Реңі бөлек, жергілікті тұрғындарға ұқсамайтын адам екен.
— Бір келініміз босана алмай жатыр, соған жәрдем берсеңіз, — дейді ол.
Кемпір келісіп жолға шығады.
— Апа, көзіңізді тарс жұмыңыз, біз айтқанша ашпаңыз, әйтпесе майып боласыз, — дейді. Кемпір көзін жұмып отырады. Жолда гүрсілдеген, салдырлаған оқыс дыбыстардан қорқып, зәресі ұшып отырады....