Құтқарушыларды әлеуметтік қорғау тетіктерін жетілдіру қажет
Азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру еліміз үшін стратегиялық маңыздағы мәселелердің қатарында. Кейінгі кездері жиілеп кеткен табиғи және техногендік апаттар төтенше жағдайларға қатысты заңнамалық актілерді қайта қарау қажет екенін байқатты. Бұл ретте, жаңа тәсілдерді, оның ішінде шет елдердің озық тәжірибелерін енгізу әрі ғылыми әлеуетті кеңінен пайдалану ерекше мәнге ие.