Қазақстан Сауд Арабиясымен инновациялық хаб ашпақ
Қазақстан Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта стартаптарға арналған инновациялық хаб ашады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушин Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында үкіметаралық комиссия отырысы кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.