Еліміздің оңтүстігінде күн күрт жылынуы ықтимал: Көлік министрлігі арнайы кеңес өткізді
Синоптиктердің болжамынша, желтоқсан айының соңында еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн күрт жылынып, өзен-көлдерде су тасу қаупі туындауы ықтимал. Бұл мәселе бүгін Көлік министрлігінде автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша өткен арнайы кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Kazinform.