Электронды темекі
Өндірушілер темекіде таза су буына ұқсас мүлдем қауіпсіз зат қолданылғанын мәлімдейді, ақиқатында олай емес. Құрамына үңіліп, оның адам денсаулығына неліктен зиянды екенін анықтауға тырысайық.
Зерттеулер көрсеткендей, аэрозоль құрамында никотин (әрдайым емес), глицерин, хош иістендіргіш компоненттер, пропиленгликоль, ацетальдегид, формальдегид және басқа да канцерогенді химимялық (қатерлі ісіктердің пайда болуын қоздыратын) заттар бар.
Пропиленгликоль тұрмыстық химия өндірісінде қолданылады. Денеге енгеннен кейін ол бүйрек пен миға әсер етіп, олардың жұмысын бұзады.
Вейптардағы табиғи никотин денеге одан да үлкен қауіп төндіретін химиялық никотинмен ауыстырылды.
Химиялық алмастырғыштарға никотин сульфаты жатады. Ол ертеректе ауыл шаруашылығына зиян келтіретін жәндіктермен және өсімдік ауруларымен күресу үшін пестицид ретінде қолданылған, бірақ...