Желтоқсан-Тәуелсіздіктің бастауы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ
т.ғ.қ., профессор Г.Б. Қозғамбаева
1-курс магистранты И.Қ. Тузелбаева
Биыл Қазақстан тарихындағы аса қайғылы оқиға- Желтоқсан көтерілісіне 37 жыл толды. Желтоқсан көтерілісі талай боздақтың тағдырына балта шауып, қазақ тарихында қанды әріптермен жазылды. 70 жыл бойы Қазақстанды билеген тоталитарлық жүйе ұлт тарихын аяққа таптап, қазақ жастырын қанды қырғынға ұшыратты.
1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан КП ОК бесінші пленумы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты атқарған қызметінен босатып, оның орнына Г. Колбинді Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы етіп тағайындады.Қазақстанда бұрын-соңды жұмыс істемеген, қазақ халқы туралы ешқандай білімі жоқ , қазаққа мүлдем белгісіз адамның билікке келуі көтерілістің...