Қазақстанға жер аударылған халықтар тарихы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ
т.ғ.қ., профессор Г.Б. Қозғамбаева
1-курс магистранты Б.Қ. Пернебай
Қазақстан тарихының қайғылы кезеңдерінің бірі бұрынғы Кеңес Одағының барлық өңірлерінен оның аумағына халықтарды күштеп жер аудару болып табылады. Қазақстандық тарихшылардың мәліметі бойынша ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанға Ресейдің орталық облыстарынан 190 мыңға жуық адам жіберілген. Оның ішінде 1931 жылдың мамыр айында ашаршылық кезінде Көкшетау, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарына 150 мың адам орналастырылған. Кейбір деректер бойынша 1937 жылға қарай Қазақстанға жіберілгендер саны 360 мың адамды құраған. Қазақстан депортацияланған ұлттар үшін баспана болды. Облыстар бойынша қоныстанған еңбекші қоныс аударушылар арнайы құрылған совхоздарда ғана емес, түрлі өнеркәсіптік кәсіпорындарда да жұмыс...