Мұрағатшылардың жалақысы өсіп, мәртебесінің артқаны қуантады - Үрметгүл Жиленбетова
Тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ететін мамандардың еселі еңбегі қашанда халық жадында сақталады. Елдің өткенінен сыр шертетін ақпарат-деректерді іздеп тауып, шаң басқан сөрелерге көз майын тауысып, тарихты қаттап жатқан архившілер қауымының арқасында қаншама ақтаңдақтарымыз танылды. Ақсу өңіріндегі мемлекеттік архивте бұл тарапта аз шаруа атқарылған жоқ. Kazinform 22 желтоқсан - Архивші күні қарсаңында мұрағат саласында 20 жылдай еңбек еткен Павлодар облысының мемлекеттік архивы Ақсу филиалының басшысы Үрметгүл Жиленбетованы әңгімеге тартты.