Қырғызстанда мемқызметке орналасушыларды жалған сөз детекторымен тексермек
Қырғызстанда мемлекеттік және муниципалдық қызмет кандидаттарын жұмысқа қабылдау кезінде полиграф арқылы тексеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін «Кабар» агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі мемлекеттік агенттігінің директоры Құдайберген Базарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.