Елордада жаңадан 15 Оқушылар сарайы ашылады
Астанада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігінде бассейндер де болмақ. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Kazinform қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.