ДДСҰ: 28 күн ішінде COVID-19 жұқтырғандар саны 52 пайызға өсті
Әлемде 20 қараша мен 17 желтоқсан аралығында коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны алдыңғы төрт аптамен салыстырғанда 52 пайызға өсті. Ең көп ауырғандар саны Ресейде тіркеліп отыр - 279 359. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараттық бюллетенінде жазылған. Kazinform бұл туралы azertag.az-ға сілтеме жасап хабарлайды.