Қазақстандықтар әлемнің 85 елінде ЭЦҚ ала алады, 75 елде е-өтініш жұмыс істейді
Қазақстандықтардың шет елдерде паспорт рәсімдеу мерзімі 90 күннен 30 жұмыс күніне дейін қысқарады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жылдың қорытынды брифингінде баяндады, деп хабарлайды Kazinform.