Нигерияда шабуылдан қаза тапқандар саны 160-қа жетті
Нигерияның орталығындағы Плато штатында болған қарулы шабуыл салдарынан кем дегенде 160 адам қаза тауып, тағы 300-ден астам адам жарақат алды. Бірнеше елді мекеннің тұрғындары тағы қарулы шабуыл болады деп қорқып, үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Kazinform агенттігі бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.