ХАТУ-айтулы оқиғалар алаңы
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстандағы ерекше оқу орны. 2009 жылы негізі қаланған білім ордасы талай тұлпардың тұяғын тағалап, талай қыранның қанатын қомдап үлгерді. ХАТУ-Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласында әлемге әйгілі мамандар әзірлеп шығару миссиясын он бес жылдан бері үздік атқарып келеді. Аталмыш білім ордасының ерекшелігі – шет елдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық құруы, халықаралық конференциялар арқылы тәжірибе алмасуы және зертхана мен білім беру бағдарламаларының тиімді жұмыстарында. Қазірдің өзінде ХАТУ қабырғасында ғылым әлемінің жарқын оқиғалары орын алуда. Сондай айтулы шаралардың бірі – IITU Alumni Day.
ХАТУ-дың 2013 жылы бітірген бірінші түлектерімен кездесу кеші білім ордасының 15...