Өзбекстан мен Түркия арасындағы теміржол дәлізі қалай дамиды
Ыстанбұлда «Өзбекстан — Түрікменстан — Иран — Түркия» мультимодальды көлік дәлізіне қатысушы елдердің темір жол әкімшіліктерінің бірінші отырысы өтіп, онда осы көлік бағытын дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Kazinform бұл туралы Өзбекстан темір жолдарына сілтеме жасап хабарлайды.