Тәрбиелі ұрпақ - ел ертеңі
Мақала бала тәрбиесіне негізделген.
«Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер,
білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан,
досынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», —
деген екен дана Абай. Бала тәрбиесі әліппені үйретіп, ән айтқызумен
шектелетін дүние емес. Бала тәрбиесі әр ата-ананың, ұстаздың бала
алдындағы абыройлы борышы. Баланы бәрі тәрбиелей алады, алайда
дұрыс, сауатты тәрбие берудің жөні бөлек.
«Тәрбие» – арабтың сөзі. «Көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны
білдіреді. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінің алғысөзінде
адамның басқа жаратылыстардан бөлек екенін, тәрбиені қажетсінетінін
былай деп білдірген екен: «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен
салыстырғанда адам баласы туғанда өте әлсіз, зағип, осал...