Барақ батыр
Барақ батыр туралы. Халқымыздың тарихында Барақ бірнешеу болып кездеседі. Қайым Мұхамедханов өзінің бір зерттеуінде «қазақ тарихында ұзын саны 12 Барақ болған» дегенді айтады.
Халқымыздың тарихында Барақ бірнешеу болып кездеседі. Қайым Мұхамедханов өзінің бір зерттеуінде «қазақ тарихында ұзын саны 12 Барақ болған» дегенді айтады.
Сол он екінің ең басы, кәдуілгі әз-Жәнібектің әкесі. Ал Әбілхайырды өлтіретін, басқа — төре Барақ. Ол 1749 жылы Ташкентте тұрған Жоңғар қонтайшысының ордасында у ішіп өлтірілген деседі.
Қайсар ақын Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасында және бір Барақтың аталатыны бар. Ат сипатын бере келіп, ақын: «Жорыққа Барақ батыр мінген, таңдап» дейтін еді ғой. Бірақ поэмада ол Барақтың қай ел, қай тектен екені айтылмаған. Тегі сол көкжал Барақ болуы мүмкін. Өйткені, сол Барақтың «бұқа мойын көк тұлпарын» Абылайханның бірде сұратқаны бартын.
Иә, сонымен...