Шашты
Айгүл Кемелбаева. Шашты (әңгіме). Екеуі қоста оңаша қалғанда жөн сұрасты. Жас бала айшылық алыс жолдан барымтаға түскен қыпшақ жылқысымен қоса айдалып келген.
Тұлпардың тұяғы таптағанда даланы,
Аспан алты, жер жеті ойран-асыр болады.
Фирдоуси
В этом мире, где счастье — пустая ложь,
Лишь одно без обмана — хребет коня*.
Сеитназар Сеиди
Көшпенділер — құм тәңірлері*.
Али Акташ
Бабалар біздің шежіре жазып қалдырған.
Қасымхан Бегман
— Қай ноғайсың?
Екеуі қоста оңаша қалғанда жөн сұрасты. Жас бала айшылық алыс жолдан барымтаға түскен қыпшақ жылқысымен қоса айдалып келген. Түрікпен Әмударияны бетке алып, Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, күн-түн жортқан ат үстіндегі сергелдең он бір жасар оғланды дереу есейтіп тастамаса да, қапелімде азат басына түскен қыл бұғауды тосырқап, тілі байланып, жан ұшырған.
— Аға,...