Бұқа мінген көкжал
Қасқыр туралы ертегілер. Бұқа мінген көкжал туралы ертегі. Жануарлар туралы ертегі. Бір күні, таң алдында, апаннан бұқпантайлана шыққан көкжал кісі бойы өскен қамыс пен қалың тоғайды жамыла, қара ойды бойлай жортып, бір ауылдың маңына келіпті.
Бір күні, таң алдында, апаннан бұқпантайлана шыққан көкжал кісі бойы өскен қамыс пен қалың тоғайды жамыла, қара ойды бойлай жортып, бір ауылдың маңына келіпті. Ол қойдан бөлініп қалған қозыға кез болып, тап беріпті. Үрейі ұшып қатты шошыған қозы қалтырап:
— Қасеке, мен тісіңізге сыздық болам ба? Бір асам етім жоқ, мені қайтесіз, онан да шығыс жақтағы өзенге барыңыз, ондағы құла бие суатында бір құла тай құйға батып шыға алмай жатыр, сізге табылмайтын ас сол, оның еті майлы да дәмді ғой шіркін! — депті.
Қозының сөзіне еліткен көкжал қозыны тастай беріп сол бағытқа қарай жорта жөнеліпті. Ол өзен жағасына келсе, шынында,...