ҚТЖ қар басып қалған аудандардан жолаушыларды шығарып жатыр
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандықтар діттеген жеріне ұшақпен не көлікпен жете алмай жатыр. Ал кейбір жолаушылар қардың қалыңдығы мен көктайғаққа байланысты тіпті жолда қалып қойып та жатыр. Осыған байланысты қазіргі таңда ең оңтайлы көлік –пойыз болып отыр, деп хабарлайды Kazinfrom «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.