Ел футболындағы елеулі оқиғалар қандай
Биыл ел футболында елеулі оқиғалар аз болған жоқ. Ұлттық құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында өз тобында үшінші орынға тұрақтады. Аталған доп додасында ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыбергеннің голы үздік деп танылды. Сондай-ақ, қазақстандық командалар еурокубок ойындарында тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізді.