Қазақстанның әуе тасымалы штаттық режимде жұмыс істеп тұр
30-31 желтоқсанға қараған түні Астана әуежайынан ұшақтардың ұшуы мен қонуы қайта жанданды. Әуеайлақтағы ауа-райы тұрақталды, қазіргі уақытта әуе айлақ штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.