Елімізге шетелден қайтарылған активтер қайда жұмсалып жатыр
«Шет мемлекеттерден қайтарылған заңсыз активтер ірі кәсіпорындардың акциялары мен үлестері, қонақүйлер, кеңсе ғимараттары, мейрамханалар, бизнес орталықтары, элиталық жер телімдері, базарлар, теміржолдар, қымбат зергерлік бұйымдар мемлекеттің иелігіне өткізілді»,- делінген Kazinform агенттігінің ҚР Бас прокуратурасына жолдаған сауал жауабында.