Жалпыға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құруға кірістік - Президент
Қазақстан ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүддесіне сай келетін салиқалы сыртқы саясат жүргізіп, халықаралық аренадағы беделін арттыра түсті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңажылдық бейнеқұттықтауында айтты, деп хабарлайды Kazinform.