Жаңа жылдағы рекорд: Қытайдың Харбин қаласына 3 миллионнан астам турист келген
Жаңа жылдық демалыс уақытында Солтүстік-Шығыс Қытайдағы Хэйлунцзян провинциясының әкімшілік орталығы Харбин қаласына 3,05 миллионға жуық турист келген. Ал, туризмнен қаланың тапқан табысы – 5,91 миллиард юань (832,39 млн АҚШ долларына жуық) болды. Kazinform бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.