Желтоқсан айында республикалық театрлар 53 мыңға жуық көрермен қабылдады
Республикалық театрлар Жаңа жылдық мереке аясында 141 шара өткізіп, 53 мыңға жуық көрерменді, оның ішінде қайырымдылық негізде 3,8 мың көрерменді тегін қамтыды. Kazinform бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.