Табиғатта тыныққыңыз келсе: ШҚО-да қыста қайда баруға болады
Шығыс Қазақстан – табиғат тамашасын бойына сіңірген өлке. Аспанмен астасқан таулардың бөктеріндегі демалыс базаларына барып, шаңғымен сырғанап, ит тұмсығы өтпейтін ну орман арасындағы үйшіктерде аялдап, саф ауамен тыныстау бойға қуат, жанға рахат сыйлайды. Осы ретте Kazinform тілшісі өңірдегі демалыс базалары жайлы ақпарат жинастырып көрді.