Қызылорда облысында жаңа мектеп ашылды
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі 250 орындық мектептің ашылу рәсімінде тұрғындарды құттықтады. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты, деп хабарлайды Kazinform.