Домбыра туралы аңыз
Домбыра туралы аңыз, Пернебай Дүйсенбин
(Халық аңызының ізімен)
Ертеде атақ-даңқы алысқа кеткен, айбарлы, адуынды бір хан болыпты. Сол ханның қол астында бір ер көңілді, бірақ кедей жылқышы болады. Ол екі иығына екі кісі мінгендей, кескін-келбеті көрікті, сүйкімді жігіт екен. Бір басына жетерлік сан қырлы өнері де мол болған. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт әрі жауырыны жерге тимеген палуан, әрі жез таңдай әнші екен. Түнде жылқы күзетінде жүргенде, ашық аспан астында шабыттана ән салғанда, тыңдаған жұртты қайран қалдырады.
Бір жолы хан қыс қыстауынан жазғы жайлауға көшеді. Хан қызы күміс күймемен келе жатқанда жайлауға қарай мамырлай бет алған қалың жылқының жанынан өтеді. Сол кезде құлағына сазды, әсем...