Жарас және оның достары
Жарас және оның достары туралы ертегі. Пернебай Дүйсенбин Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi.
Мерген Сақа, Ойыншыл Доп, Ұшқыш Ләңгі сегіз жасар Жарастың жан достары еді. Ойыннан тыс уақытта үшеуі бұрышта тұрған аласа ағаш текшеде жататын. Үйде ешкім жоқта олар бір-бірімен тілдесуді ұнатушы еді. Әсіресе Ойыншыл Доп әзілге бейім. Бір орында тыншып жата алмайды. Кейде екеуіне аздап үлкендік қылып қоятыны бар.
— Ей, Сақа, қалайсың?
— Жақсы.
— Е, қайбір жақсымын дейсің? Әр асықты атқанда, шақ ете қаласың! Сонда шекең ауырмай ма?
— Е, ол әбден шыныққан шеке емес пе? — дейді Сақа сақылдай кұліп. — Ал өзің ше? Менен гөрі көп таяқ жейтін сен шығарсың.
— Мен бе?! Мен ондай соққыларды шыбын шаққан...