ҚР Президенті мен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы бірлескен мәлімдеме жасады
РИМ. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелланың шақыруымен 18 қаңтар күні Италияға ресми сапармен барған болатын. Осыған орай Қ.Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелони бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.