Қазақстан - Италия келісімі: Түркістан облысында күкірт қышқылы зауыты салынады
РИМ. KAZINFORM – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары аясында өткен «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстелі аяқталған соң бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.