Қазақстанда құны $46 трлн асатын 5 мыңнан астам барланбаған кен орын бар – Президент
РИМ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстелі барысында жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы айта келе, Қазақстан өңірде бірінші болып Париж келісімін ратификациялаған мемлекет ретінде 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде міндеттеме алғанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.