Қазақстан Президентінің сапары барлық саладағы байланысты тереңдетеді - италиялық БАҚ
РИМ. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Римге сапары Қазақстан мен Италия үшін өзара тиімді барлық саладағы байланыстарды әртараптандыруға және тереңдетуге деген ұмтылысты байқатып отыр. Бұл жайында италиялық БАҚ Қазақстан Президентінің осы елге сапарының қорытындысы бойынша жазып жатыр.