Қазақстан Елшісі Әзербайжан Парламенті төрайымымен кездесті
БАКУ. KAZINFORM – Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафаровамен кездесті. Тараптар қазақ-әзербайжан қатынастарының даму динамикасын жан-жақты талқылады. Бұл туралы «Қазақпарат» агенттігінің Әзербайжандағы меншікті тілшісі Серікбол Қошмағанбетов хабарлады.