Қырғызстан президенті журналистердің жаппай ұсталуына қатысты пікір білдірді
Қырғызстанда сөз бостандығы болған, бар және болады. Әрине, БАҚ саласын реттейтін заңдарды, ең алдымен ұлттық қауіпсіздікті сақтау керек. Бұл туралы жақында интернет-редакциялар тілшілерінің жаппай ұсталуына қатысты пікір білдірген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.