Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасы өтетін нысандарды қар басып қалды
АСТАНА. KAZINFORM - Сенбі күні Оңтүстік Кореяда 2024 жылы жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасы өтетін провинцияның біраз бөлігіне қалың қар жауды. Канвондо провинциясының әкімшілігі қолайсыз күн райына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгенін хабарлады, деп жазды Yonhap ақпарат агенттігі.