Өзбекстан астанасында 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ташкент қаласында және Өзбекстанның басқа да аймақтарында 3-4 балдық жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Қырғызстанмен шекаралас Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 7 балл, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.