Кептеліс, жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек: жер сілкінісінен кейін Алматыда не болып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы тұрғындары қатты жер сілкінісінен кейін, қаладан жаппай кете бастады. Көшелерде үлкен кептеліс пайда болып, жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты.