«Қарызсыз қоғам»: Биыл 750 мың қазақстандық қаржылық сауатты арттыру курсынан өтеді
Биыл «АМАNАТ» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 750 мыңға жуық адам қаржылық сауатты арттыру курсынан өтеді. Бүгін халықтың қаржылық сауатын арттыратын мамандарды оқыту жұмысы бастау алды. Олар 5 ақпаннан бастап еліміздің барлық аймағында тренинг өткізеді.