Жұлдыздар неге жылайды?
ЛИРИКАЛЫҚ ПОВЕСТЬ,Жұлдыздар неге жылайды?, Пернебай Дүйсенбин Қайыры жоқ қауымның түксиген қабағынан түрткi көрген қайыршыдай жүдеу тартқан жылауық күз соңғы күндерi құшағындағы бауыры — қара жердi өкпеге оқша қадалған қара суығымен ықтырып, қытымыр қылық танатып алған. Шәлкес күздiң шылауындағы сұр аспан да жуық арада жадырап, жылы шырай, жұмсақ мiнез аңғартар сыңайы жоқ.
ЛИРИКАЛЫҚ ПОВЕСТЬ
Қайыры жоқ қауымның түксиген қабағынан түрткi көрген қайыршыдай жүдеу тартқан жылауық күз соңғы күндерi құшағындағы бауыры — қара жердi өкпеге оқша қадалған қара суығымен ықтырып, қытымыр қылық танатып алған. Шәлкес күздiң шылауындағы сұр аспан да жуық арада жадырап, жылы шырай, жұмсақ мiнез аңғартар сыңайы жоқ.
Жол шетiне оқшау өскен шеңгелдiң селдiр сылдырмағы тау жақтан соққан өкпек желдiң өтiнде безек қағып, тыншу таппай қанкөбелек ойнайды. Осы сәтте ол да дәл түбiмен жанай өткен сыла жол үстiмен iлби басып кетiп бара жатқан жүдеу өңдi жасөспiрiм балаға өзiнiң жайын айтып қалғысы келгендей, зарлы бiр ызыңмен бебеу қағады. Мекен еткен тұрағынан ажырап...