Қазақстан мен БАӘ заңсыз алынған активтерді қайтаруға жасанды интеллектіні пайдаланады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барып, онда БАӘ Әділет министрі Абдулла бин Сұлтан бин Ауад әл-Нуаймимен және осы елдің Бас прокуроры Хамад Сейф әл-Шамсимен кездесулер өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.