Мемлекет басшысы «Astana Motors» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловты қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM – Президентке кәсіпорын жұмысының нәтижесі, Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібін дамытуға және оның жергілікті үлесін арттыруға бағытталған индустриялық жобаларды жүзеге асыру жайында мәлімет берілді - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.