Талдықорғандағы жәрмеңкеде бір мезетте 500 кітап сатылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Облыс орталығындағы Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» кітап жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде «Ziyat», «Атамұра», «Асыл қазына» сияқты кітап дүкендері мен жеке кәсіпкерлер және жергілікті ақын-жазушылар өздерінің 500-ден астам кітабын сатылымға шығарды. Олардың ішінде шетел және қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары, балаларға арналған ертегілер мен энциклопедиялар, публицистикалық, мотивациялық еңбектер де бар.