Қытай депутаттары Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалады
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хао Минцзинмен кездесті. Тараптар елдер арасындағы парламентаралық, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.